Еліміздің бірқатар өңірінде дауылды ескерту жарияланды

1 Тамыз 2019, 03:55
1004
Бөлісу:
Еліміздің бірқатар өңірінде дауылды ескерту жарияланды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ.  Ақтөбе, Маңғыстау,  Ақмола облыстарында ауа райының қолайсыздығына байланысты дауылды ескерту жарияланды. Бұл туралы «Қазгидромет» РМК хабарлады.

1 тамызда Ақтөбе облысында кей жерінде найзағай, дауыл күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, түнде кей жерлерінде, күндіз басым бөлігінде 15-20, екпіні 23 м/с күтіледі. Күндіз кей жерінде нөсер жаңбыр жауады.

Ақмола облысының кей жерінде найзағай, күндіз дауыл, бұршақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан, оңтүстіктен жел соғады, күші кей жерде 15-20, күндіз екпіні 25 м/с. Күндіз кей жерінде 36 градус қатты ыстық күтіледі.

Көкшетау қаласында 1 тамызда күннің екінші жартысында найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан, оңтүстіктен жел соғады, күндіз екпіні 15 м/с.

Маңғыстау облысының кей жеррінде найзағай, дауыл, жел оңтүстік-батыстан, батыстан, күші 15-20 м/с күтіледі. Күндіз кей жерде қатты ыстық 38 градус күтіледі.

Дауылды ескертудің ықтималдылығы  85-90 %
Өзгелердің жаңалығы