2010 жылдың 24 қарашасынан
бастап іске қосылды
Жаңалықтар
  • Жаңалықтар
  • Аймақтық БАҚ
  • Блогтар
  • Iздеу
  • Өнер
06 Қыркүйек 2013, 18:14   19947 Индира БАЙҚОНЫСОВА    152 Өнер

Қазақстан арнасында «Әйел бақыты» ток-шоуы

  • Картинка
  • Картинка
  • Картинка
  • Картинка
  • Картинка

Астана. 6 қыркүйек. Baq.kz «9-қыркүйекте «Қазақстан Ұлттық телеарнасында «Әйел бақыты» атты жаңа ток-шоудың тұсауы кесіледі» - деп хабарлады «Қазақстан» АҚ» республикалық телерадио кешенінің баспасөз хатшысы Танакөз Толқынқызы 

Жаңа жобада бір қолымен бесікті, бір қолымен әлемді тербететін әйелдердің беделі, отбасындағы күйі, әлеуметтік жағдайы, бала тәрбиесіндегі маңызы, ерлі-зайыптылардың бүгінгі болмысы қозғалады. Керекті кеңес, әдеміліктің құпиясы, сән және т б. мәселелер көтеріледі.
«Әйел бақыты» тікелей эфирде аптасына 5 рет көрсетіледі. Бұл бағдарламаның ерекшелігі – көрермендер тікелей эфир кезінде және одан тыс уақытта да өз суалдарын телефон немесе электронды почта арқылы жолдай алады. Ток-шоудың тұсаукесер саны «Арманым адастырмаса екен» деп аталады. Алғашқы бағдарлама жар таңдауда жаңылмаудың маңызы жайлы болмақ. Ток-шоудың жүргізушілері Ләйлә Сұлтанқызы, Қарагөз Сүлейменова және Әйгерім Есенәлі.
9 қыркүйекте сағат 14:55-те  «Қазақстан» Ұлттық арнасынан «Әйел бақыты» атты ток-шоуды тамашалап, тікелей эфирде сұрақ қоюға шақырамыз.  



Пікірді қалдыру



    Заполните все поля или авторизуйтесь
    Сіздің пікіріңіз қосылды және модератор тексергеннен кейін сайтқа шығады
    Аты: E-mail:

    Соңғы жаңалықтар