жаңалықтар
  • аймақтық БАҚ

Жарқын болашаққа жол ашқан Жолдау

02 Қараша 2013, 14:00 Қарап шығу: 637 Түсiнiктер: 0

Өткен аптада аудандық әкімдіктің мәжіліс залында Қазақстан Республикасының Президенті Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан-2050» Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа бағыты» атты Қазақстан халқына жодауының аудан аумағында орындалуы, алға қойылған міндеттер жөнінде қала, ауылдық округтерде құрылған үгіт-насихат топ мүшелерімен кездесу өтті.
Бірінші болып сөз алған Төлеби аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Ж.Абдиев аудан халқына жолдауды кеңінен түсіндіру мақсатында аудан әкімінің 2012 жылы 24 желтоқсандағы №210 өкімімен 4 насихаттық топ құрылып, ауданның барлық елді мекендерінде 84 үгіт насихат жұмыстарын жүргізгендігін, облыстық насихаттық топ 19 кездесу, республикалық топ 2 кездесу өткізгендігін, сондай-ақ, қала, ауылдық округтерде 19 насиихаттық топтар өз жұмыстары жүргізіп, 68 кездесу өткізгендігін айтты.
Семинар қонақтарын таныстырып, регламентті ұсыныспен бекітіп алған соң, келесі сөз кезегін семинар лекторы, Қазақстан инженерлі Педагогикалық Халықтар Достығы Университетінің мұғалімі, тарих ғылымдарының кандидаты, Қазақстан тарихы гуманитарлық пәндер кафедрасының меңгерушісі Нартбаев Шымырбай Жақсыбайұлына ұсынды.
Ол өз сөзінде 2012 жылдың 14 желтоқсанында Қазақстан Республикасының Президенті Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Қазақстан-2050» Стратегиясы атты Қазақстан халқына жодауын семинарға қатысып отырған үгіт-насихат топ мүшелеріне баяндап, кеңінен түсіндіруге келіп отырғанын айтып, егеменді еліміздің, ұлттық қауіпсіздігіміздің, экономикамыздың, азаматтық қоғамымыздың, қоғамдық келісіміміздің, өңірлік көшбасшылығымыз бен халықаралық беделіміздің тәуелсіздік алған кезімізде басқаша болғанына тоқталып, ал қазір біздің ортақ күш-жігер жұмсауымыздың арқасында еліміз өзіндік бет-бейнесі бар, өзіндік ерекшеліктері мен өзіндік ұстанымы бар табысты, бүкіл әлем танитын мемлекетке айналғанымызды атап, танымастай болып өзгергенін айтты.
Шымырбай Жақсыбайұлы бұл Жолдау «Қазақстан – 2030» стратегиясының заңды жалғасы болып табылатынын атап, ең алдымен «Қазақстан – 2050» стратегиясының кейбір маңызды ерекшеліктеріне тоқтала кетті. Біріншіден, бұл стратегия ұзақтығы, қойылған мақсаттар мен міндеттерінің ауқымдығы мен теңдігі жағынан маңызды құжат екендігін, екіншіден, «Қазақстан – 2050» стратегиясының саяси-әлеуметтік, экономикалық бағыттары «Қазақстан – 2030» стратегиясымен ұқсас келетіндігін айтып, «Қазақстан – 2030» стратегиясы 7 басымдықтардан тұрса, «Қазақстан – 2050» стратегиясы да тек атауларында ғана айырмашылығы бар 7 басымдықтардан тұратынындығын айтып, екі стратегияның ұқсастықтарына кішкене тоқталды.
Шымырбай Жақсыбайұлы «Қазақстан – 2050» стратегиясының барлық басымдықтарын түсіндіре келіп, еліміздің экономикалық өсуі стратегияның бірінші басымдығында екендігін айтты. Ал екінші «Кәсіпкерлікті-ұлттық экономиканың жетекші күшін жан-жақты қолдау» басымдығын ішкі саяси тұрақтылық және қоғамның топтасуына арналғанын айтып, «Қазақстан–2050» стратегиясының «Жаңа Қазақстандық патриотизм – біздің көпұлтты және көп конфессиялы қоғамымыз табысының негізі» басымдығын ерекше атап, бұл бағыттың мәні көп ұлтты, көп кофессиялы, көп партиялы, әртүрлі әлеуметтік топтардың барлығы да Қазақстандық патриотизмнің туы астында бірігіп, барлығы да Қазақстанның патриоттары болуы тиіс дегенді білдіретіндігін түсіндірді. Тіл туралы мәселенің тыңнан қойылғандығын, тіл жауапкершілігі біздің қоғамымызды одан әрі ұйыстыра түсетін басты фактор болуға тиістігіне тоқталып, мемлекет өз тарапынан мемлекеттік тілдің позициясын нығайту үшін көп жұмыс атқарып келетіндігін, Қазақ тілін кеңінен қолдану жөніндегі кешенді шараларды жүзеге асыруды жалғастыру керектігін айтты. Сөзін аяқтай келе Шымырбай Жақсыбайұлы тек бірлесіп қана, бүкіл халықтың күш жігерін біріктіріп қана біз алға басатынымызды айтты.
Келесі сөз кезегі Төлеби аудандық арнайы дарынды балалар мектебінің философия пәнінің мұғалімі Баймұсаев Әсет Дәулетұлына берілді.
Ол өз сөзінде Елбасымыздың Халыққа арнаған жолдауын еліміз үшін мәселелерді нақты көрсетіп, айқындай түсуімен маңызды саналатындығын, сондықтан бұл жолдауды өзінің толық қолдайтындығын білдіре отырып, лектор Шымырбай Жақсыбайұлына алғысын білдіріп, еліміз 20 жыл бойы егемендігіміз бен саяси салмағымызды нығайтуға жұмыс істегенін, 20 жыл өткен соң сындарлы саясатымыздың арқасында бұл мақсатқа қол жеткенімізді, мықты мемлекет жоспарлау саясатымен, ұзақмерзімді дамумен және экономикалық өсумен айналысатындығын айтып өтті.
Әсет Дәулетұлы Төлеби ауданының әлеуметтік-экономикалық жағдайына тоқтала кетіп, ауданымызды одан әрі көркейтуге, жұмыссыздықты азайту жолдарын іздеуге өз ойын қосты.
Үгіт-насихат топ мүшелерінің арасынан Қаратөбе ауылының биі Әділ Оразов ағамыз сөз алып, Елбасының салиқалы саясатын, «Қазақстан – 2050» стратегиясын толығымен қолдайтындығын айтып, осындай семинарлардың көбірек ұйымдастырылуына өтінішін айтып, Шымырбай Жақсыбайұлына, Әсет Дәулетұлына алғысын білдірді.
Сұрақтар мен қарсылықтар болмаған соң осы жиында катысып отырған Төлеби аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Ж.Абдиев өз сөзінде бүгінгі кездесуге қатысып отырғандарға, Қазақстан инженерлі Педагогикалық Халықтар Достығы Университетінің мұғалімі, тарих ғылымдарының кандидаты, Қазақстан тарихы гуманитарлық пәндер кафедрасының меңгерушісі Ш.Нартбаевқа, Төлеби аудандық арнайы дарынды балалар мектебінің философия пәнінің мұғалімі Ә.Баймұсаевқа және қала, ауылдық округтерде құрылған үгіт-насихат топ мүшелеріне алғысын білдіріп, еліміздің еңсесі биік, Отанымыздың абыройы асқақтасын деп семинарды қорытындылады.
Семинар барысында қала, ауылдық округ насихатшыларына арналған «Қазақстан Республикасының Президенті – Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан-2050» Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты Қазақстан халқына Жолдауы» кітапшасының 150 данасы таратылды.

 

 

 

М.Хангелдиева,
Аудандық ішкі саясат бөлімінің бас маманы

 





Пікірді қалдыру

Құрметті оқырмандар!
Пікір жазғанда жеке адамның ар-намысын қорлайтын, кемсітетін, ұлт араздығын тудыратын сөздерді қолданбауыңызды сұраймыз
Заполните все поля или авторизуйтесь
Пікір қалдырғаныңызға рахмет
Аты: E-mail:
    АПТАЛЫҚ ТӘҮЕЛСІЗ ГАЗЕТ
    Толық оқып отыру

    Бүгін

    Жаңартқан: 25 минут бұрын

    Курстер

    USD 183.51
    EUR 248.77
    RUB 5.34

    Аймақтық БАҚ