2010 жылдың 24 қарашасынан
бастап іске қосылды
Жаңалықтар
  • Жаңалықтар
  • Аймақтық БАҚ
  • Блогтар
  • Iздеу
  • Қазақстан экономикасы
12 Сәуір 2012, 18:38   1733    0 Қазақстан экономикасы

Қазақстанда кедендік рәсімдер жеңілдетіледі

Қазақстанда бизнес үшін кедендік рәсімдер жеңілдетіледі. Алдыңғы кезекте бақылау органдары мен шетелге шығуға рұқсат берілетін құжаттардың қысқартылу жеңілдігі қарастырылады.

«Интерфакс-Казахстан» хабарлағандай, шекарада екі қызмет ғана қалуға тиіс: шекаралық және кедендік. Рұқсат етілген құжаттар мен рәсімдердің барлық жиыны кедендік және посткедендік  бақылауға беріледі.

ҚР Қаржы министрлігі кедендік бақылау комитетінің төрағасы Мәжит Есенбаевтың айтуынша,  қазір шеттен әкелу үшін – 13 рұқсат етілген құжат, ал сыртқа шығару үшін – 12 рұқсат етілген құжат талап етіледі. «Егер осы әрбір құжаттың қасына тағы да қосымша құжаттар талап етілетінін ескерсек, онда орта есеппен 50 шақты құжат керек. Біз импорт пен экспорт үшін тек төрт құжатты ғана қалдыруды ұсынамыз», - деді Есенбаев. Ол сондай-ақ бұл мәселе бойынша Үкімет тарапынан қолдау көрсетіліп отырғанын жеткізді.

Бұдан бөлек, кедендік комитет жанама салық өндіру әкімшілігін кедендік органдардан салық органдарына ауыстыруды ұсынды. «Іс жүзінде кеденшілер үшін НДС, акциздер – артық жүк. Мұны салық қызметі қолға алуы керек. Олардың құралдары, тетігі, базасы көп», - деді Есенбаев. Мұндай шара кедендік құжаттарды реттеуді тездетуге, НДС төлеу тәртібін жеңілдетуге, екі жақтық салықтан құтылуға және салықтың жиналу көлемін арттыруға мүмкіндік береді.



Еуразия бірінші арнасы

Пікірді қалдыру



    Заполните все поля или авторизуйтесь
    Сіздің пікіріңіз қосылды және модератор тексергеннен кейін сайтқа шығады
    Аты: E-mail:

    Соңғы жаңалықтар